USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Оңтүстік Американың Чемпиондар лигасының матчы төбелеспен аяқталды

2017 жылғы 27 сәуір 23:45
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Американың Чемпиондар лигасының матчы төбелеспен аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Пеньяроль» мен «Палмейрастың» арасында өткен Оңтүстік Американың ең беделді клубтық турнирі Либертадорес кубогының матчы полицейлер, жанкүйерлер мен ойыншылар арасындағы жаға жыртыспен аяқталды.

Life.ru-дың жазуынша, бразилиялықтардың 3:2 есебімен жеңіске жеткенін айқындаған соңғы ысқырықтан кейін, алаңдағы бірнеше ойыншы төбелесе кеткен. Жанжалды бастаушылардың арасында «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы, Бразилия құрамасы сапында Конфедерация кубогының жеңімпазы болған Фелипо Мело да болды.

Футболшыларды тәртіпке шақыру үшін алаңға полицейлер мен сарбаздар жүгіріп шыққан. Бірақ жаға жыртыс Монтевидеодағы лық толы стадионның трибуналарына да ауысып үлгерді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT