Оңтүстік Африкада жарты ғасырда бірінші рет зулустар патшасы ұлықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында Мисузулу Синкобиле Зулуды ұлықтау рәсімі өтті. Ол зулустар патшасы титулын тамыз айында қабылдаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Ұлықтау салтанатында Мисузулу Синкобиле Зулу ОАР Президенті Сирил Рамафосадан ресми растау куәлігін алды. Бұл – монархтың әкесі Гудвиллу Звелитини ұлықталған 1971 жылдан бері болмаған тарихи оқиға.

Жаңа көсемнің билік басында 50 жылға жуық отырған әкесі 2021 жылғы наурызда қайтыс болды. Оның 6 әйелі және 26 баласы бар. Мисузулу патшаның анасы регент-патшайым болып тағайындалғаннан кейін, арада бір ай өткенде кенеттен дүние салып, бұл патша сарайындағы таққа таласты ушықтыра түскен еді. Ұлықтау рәсімі билік үшін жүрген ұзақ та қатал күресті тоқтатты.

Мемлекеттік ұлықтау салтанаты Мозес Мабида стадионында өтті. Рәсімге дәстүрлі киім киінген мыңдаған зулус азаматы жиналды.

«Бұл – қуанышты оқиға жаңа дәуірдің бастауы», - деді Квазулу-Натал университетінің африка тілдері профессоры Сихавукеле Нгубане.

Айта кетсек, зулустар – Оңтүстік Африка халқының бесінші бөлігін алатын ірі этникалық топ. Елдің салық төлеушілер есебінен қаржыландырылатын жылдық бюджеті 3,6 млн доллардан асады.



Соңғы жаңалықтар