Оңтүстік Африкада иесіз үйден өрт шығып, 60-тан астам адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Йоханнесбургте үйсіз адамдар мекендеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында болған өрттен 60-тан астам адам қаза тапты. Оның ішінде бір бала бар.

Бейсенбіге қараған түні бес қабатты ғимаратта өрт тұтанған.

Иесіз қалған үйде 200-ден астам үйсіз адам заңсыз тұрып жатқан болатын. 40-тан астам тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Өрт бірнеше сағаттың ішінде сөндірілді. Бірақ ғимарат ішінде адамдарды іздеу жалғасып жатыр.

Өрттің тұтану себебі әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар