Оңтүстік Африкада аурухана маңында жанармай таситын көлік жарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада 60 мың литр сұйытылған көмірсутекті газ тасымалдайтын жүк көлігі жарылды. Кемінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Йоханнесбургтен 20 шақырым жерде орналасқан Боксбург қаласындағы тұрғын ауданда болған. Жүк көлігі аласа көпірдің астында қалып қойған, өрт үйкелістен шыққан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Маңайдағы темір жолдар толығымен қирап, ғимараттар, соның ішінде аурухана ғимараты зақымданған. Науқастарды эвакуациялауға тура келді, қаза тапқандардың арасында осы медициналық мекеменің бірнеше қызметкері бар. 24 науқас пен 13 медицина қызметкерін ауыр күйік шалды, аурухананың кіре берісінде және көлік тұрағында басқа да адамдар жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар