Оңтүстік Африка республикасында түнгі клубтан 22 адамның мәйіті табылды
2022 жылғы 27 маусым 11:58

Оңтүстік Африка республикасында түнгі клубтан 22 адамның мәйіті табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ОАР билігі Үнді мұхитының жағалауында орналасқан Ист-Лондон қаласында түнгі клубтан табылған 22 адамның неден көз жұмғанын анықтамақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Франс пресстің хабарлауынша, қаза тапқандардың денесінде ешқандай жарақат болмаған. Агенттік мәліметінше, олар 18-20 жас аралығында, кейбірі тіпті 15 жаста болған.

Қазір табылған мәйіттер мәйітханаға жеткізілді. Онда токсикологиялық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде клубқа келушілердің неден көз жұмғаны анықталады.

Жергілікті шенеуніктің мәліметінше, осы түні клубта мектеп бітіруші түлектер көп болған.

ОАР Шығыс-Кап провинциясының басшысы Оскар Мабуйяне қайғылы оқиғаның неден болғанын атамады, бірақ «шексіз спирттік ішімдікті пайдалануды» сынға алды.

ОАР президенті Сирил Рамафоса қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, 18 толмаған жасөспірімдерді клубқа жібергенін сынады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT