Оңтүстік Африка елінде ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Оңтүстік Африка Республикасының астанасы - Преторияның Вандербум әуежайына жақын маңда ұшақ апаты болды. Салдарынан кем дегенде бір адам қаза болып, тағы 20-ға жуығы зардап шекті. Бұл туралы жергілікті шұғыл медициналық қызметтің Twitter-дегі парақшасында айтылды, деп хабарлайды ТАСС.

«Вандербумдегі әуе апаты салдарынан бір адамның қаза болғаны хабарлануда», - делінген ақпаратта.

Оңтүстікафрикалық «Айуитнес ньюс» радиостансасы әуежай өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ чартерлік рейспен жүктерді тасымалдап келе жатқан және апатқа ұшыраған кезде фабриканың ғимаратына соғылған. Оқиғаға қозғалтқыштардың бірінің істен шығуы себеп болуы мүмкін.

News24 жаңалықтар порталының мәліметінше, ұшақ чартерлік жүк тасымалдарын орындайтын MAC Martin's Air Charter голландиялық компаниясына тиесілі. Оқиға орнында апаттық қызметтер, жедел жәрдем мамандары және құтқарушылар жұмыс істеуде. Әуе кемесінің бортында болған 20-ға жуық адам зардап шекті.

 

Соңғы жаңалықтар