01.06.2023 13:45 Астананың 60 көшесі мен 15 мектебіне жаңа атау беру ұсыныстары дайын тұр АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың 60-тан астам көшесі мен 15 мектебіне жаңа атау беру ұсыныстары дайын тұр. Бұл туралы елорданың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2023 11:40 Батыс Қазақстанда Новопавловка ауылы Құмақсай деп қайта аталды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының Новопавловка ауылына Құмақсай атауы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2023 12:12 Риддерде 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 19:06 Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы бір ауылдық округ пен 2 елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 14:55 Атырауда жаңадан ашылатын екі мектепке әл-Фараби мен Дінмұхамед Қонаевтың есімі беріледі АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі мектепті әл-Фараби мен Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атау көзделіп отыр. Қос нысан да жаңа оқу жылында ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 13:42 Биыл Ақмола облысында 60 елді мекеннің ескі атауы қайтарылады КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген 60 елді мекеннің атауын өзгерту жоспарланған. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Түркі жазбалары және ономастика» атты халықаралық конференциясында аймақ басшысының орынбасары Алтынай Әміренова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 11:56 Атырау мектебіне жазушы Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы №41 орта мектепке мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 18:52 Алматы облысында ауыл саябағына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облысына қарасты Алмалыбақ ауылындағы саябаққа Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.04.2023 18:36 Өскемен қаласындағы 19 көшеге жаңа атау беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бұған дейін реттік нөмірмен айтылып келген 19 көшеге жаңа атау берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 13:10 Павлодар әуежайына академик Қаныш Сәтбаевтың есімі берілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылы қазақ халқының ұлы перзенті, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы кеңінен аталып өтеді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 12:20 Ақмола облысындағы Купчановка ауылына қазақша атау берілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты Купчановка ауылының атауы Байтас болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ақмола облысы әкімдігі мен маслихатының бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.03.2023 09:10 Ақмола облысындағы үш ауылдың атауы қазақша болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін.
21.02.2023 14:25 Былтыр Қазақстанда 68 елді мекеннің атауы өзгерген АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы 68 елді мекен мен 572 көше, нысан атауы өзгертілді. Мәселен, Ақмола облысы бойынша Южная көшесі Сәбит Мұқанов, Буденный көшесі Бауыржан Момышұлы, Ленин көшесі Абылай хан есімдерімен қайта аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.02.2023 10:22 Елді мекендер мен көшелерге арнайы тізімдегі тұлғалардың есімі ғана беріледі - Алтай Көлгінов АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов депуататтық сауалға жолдаған жауабында елді мекендер мен көшелерге кісі есімін берудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.02.2023 10:15 2025 жылға дейін идеологиялық тұрғыдан ескірген 3 мыңға жуық ономастикалық атау алмастырылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау жөніндегі 2022−2025 жылдарға арналған жол картасының аясында 3 мыңға жуық ономастикалық атау алмастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.02.2023 09:07 СҚО-да қазақи ауыл атаулары неліктен өзгертілген – архив директорының мәліметі ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 661 елді мекен болса, соның тек 225-і ғана қазақша аталған. Ескірген, мән-мағынасы жоқ атауларды өзгерту бағытында өңірде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, тек соңғы үш жылда 400-ге жуық көше аты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 20:14 Ниязби, Сарқырама, Көктоғай: Астана маңындағы Лесная полянаның атауы өзгеруі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Қосшы қаласына қарасты «Лесная поляна» шағынауданының атауы өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты ауданда Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлының қатысуымен халық тыңдауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.01.2023 10:18 Астананың жаңа көшелеріне Сұлтан Бейбарыс, Санжар Асфендияров, Бердібек Соқпақбаевтың есімдері беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада бірнеше қоғам қайраткерлері мен жазушыларға көше беріледі. Бұл туралы қалалық Тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.01.2023 13:06 Қостанай облысындағы Набережный ауылдық округіне қазақша атау берілмек ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Бейімбет Майлин ауданындағы Набережный ауылдық округі мен Елизаветинка ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы өңір әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.01.2023 08:10 Асқар Забикулин көшесі, жаңа алаңдар - Республикалық ономастика комиссиясы шешім шығарды АСТАНА. ҚазАқпарат – Республикалық ономастика комиссиясы Астана қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне және Жамбыл облысының Сарысу аудандық мәдениет үйіне атау беру мәселесін қарады. ҚазАқпарат бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.