USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ономастика: Ақмола облысында 30-дан астам елді мекеннің атауы өзгертілген

2021 жылғы 15 қазан 19:21
Бөлісіңіз:
Ономастика: Ақмола облысында 30-дан астам елді мекеннің атауы өзгертілген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда аудандық және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен осы салаға жауапты мамандардың қатысуымен әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық гандболшылар Әлем чемпионатының негізгі айналымына шықты Сайлаудағы әйелдер мен жастар квотасы халықтың түрлі санаттарының қажеттіліктерін ескереді – сарапшы ШҚО-да үш айда 41 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жиында Ақмола облысының ұлттық топонимиясы туралы зерттеулер барысында анықталған бастапқы тарихи-географиялық атауларын қалпына келтіре отырып, елді мекендерді қайта атау мәселелері талқыланды.

Семинарды ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова соңғы 3 жылда осы салада атқарылған жұмыстардың қорытындыларына қысқаша тоқталды.

«Біздің облыста ономастика саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2018-2020 жылдары 1000-ға жуық көше мен 30-дан астам елді мекен атауы өзгертілді, көптеген нысандарға танымал тұлғалардың есімдері берілді», - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы екі жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп келеді. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің археология және этнология факультетінің профессоры Жамбыл Артықбаев және ҚР Ұлттық музейінің қызметкері Ирина Бекзатқызының ғылыми ізденістерінің арқасында 120-дан астам елді мекеннің тарихи атаулары табылып, ол мұрағат құжаттарымен расталады.

Семинарда тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова қатысушылардың назарын ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыруда талаптарды сақтау қажеттігіне аударса, осы бөлімнің бас маманы Әсем Жұмағұлова елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге қатысты құжаттарды ресімдеу тәртібіне тоқталды.

«Атауын өзгерту мәселесі өте маңызды, ол сыпайылық пен ойланушылықты талап етеді. Мұнда тек құқықтық салада әрекет ету керек, арнайы нормалар, ережелер бар, олар арқылы елді мекендердің тарихи атауларын өзгертуге болады», - деп түйіндеді ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT