+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Онлайн университеттер лицензия алуы тиіс - БҒМ

2019 жылғы 5 қыркүйек 16:30
Бөлісіңіз:
Онлайн университеттер лицензия алуы тиіс - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы онлайн университеттерге лицензия алу міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Мектепке жол»: Жамбылдық 30 мыңға жуық балаға көмек көрсетілді Атырауда ерекше балаларға арналған инклюзивті сынып ашылды Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері не жайында сөйлесті

«Онлайн-оқытудың талаптарын әзірлеп, онлайн-университеттер мен тұтас онлайн оқытуды лицензиялау мәселесін қолға алған жөн. Сонымен бірге, жоғары білімі бар мамандарды, әсіресе педагогикалық бағыттағы мамандарды әзірлеудің кей бағыттары бойынша талаптарды қайта қарау керек. Жаңа университеттердің ашылуы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында көрсетілгендей, Үкіметтің келісімімен жүргзіліуі тиіс», - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн университеттердің жұмысы туралы пікір білдірді.

«Онлайн-оқыту қазіргі заманның көрінісі. Қаласақ та, қаламасақ та, бұл қызметті заң жүзінде реттеуіміз керек. Мұны (Онлайн оқытуды - ред.) теріске шығарып отырған жоқпыз, керісінше осындай оқу орындарына белгілі бір талаптар қоюымыз керек. Басқа ЖОО-лар лицензия алып, диплом беріп жатқанда, қашықтықтан оқытатын ЖОО-лардың құқықтық аяда жұмыс істемей-ақ диплом беруі дұрыс емес. Барлығына біліктілік талаптары қойылып, лицензия берілуі тиіс. Сапа мен білім беру талаптарына сай келгендер ғана білім беруі тиіс», - деді министр Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT