+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Онлайн санақ: Алдыңғы орында – Алматы, соңғы орында – Маңғыстау

2021 жылғы 15 қыркүйек 18:43
Бөлісіңіз:
Онлайн санақ: Алдыңғы орында – Алматы, соңғы орында – Маңғыстау

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық санақты екі апталық онлайн кезеңінде респонденттердің басым бөлігі sanaq.gov.kz сайтын пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
200 мыңнан астам қарағандылық халық санағынан онлайн форматта өтті Атырау облысында 145 мыңнан астам адам онлайн-санақтан өткен Халық санағы арқылы халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы көрінеді - Олжас Сайлаубекұлы

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті.

«15 қыркүйек сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 3 024 216 респондент онлайн санақтан өткен. Олардың 2 607 643-і sanaq.gov.kz сайтында, 297546 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 119027 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша онлайн санақтың алғашқы қорытындысы бойынша Алматы облысы алда келеді.

«Қазіргі уақытта Алматы облысы алда. Мұнда 313919 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Алматы қаласында онлайн санақтан өткен 278 432 адам тіркелген. Үздік үштікті Түркістан облысы түйіндеді. Мұнда 247175 адам санақ сауалдарына онлайн режимде жауап берді. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Атырау және Маңғыстау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 79 881 және 71 886 адам санақтан өтті», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Ал, жергілікті халық санына шаққанда санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 28,6%-ы онайн санаққа қатысқан. 1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823 052 тұрғын бар. Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 24,7% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен. 1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген», - деп жазады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT