+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Онлайн оқу: Ата-аналар берілген компьютерді сындырып алудан қорқып, пайдаланбай отыр

2020 жылғы 16 қазан 22:10
Бөлісіңіз:
Онлайн оқу: Ата-аналар берілген компьютерді сындырып алудан қорқып, пайдаланбай отыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қашықтан оқу үшін берілген компьютерлерді пайдаланбай отырған ата-аналар бар. Бұл туралы Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім басқармасының басшысы бүгінде барлық оқушылар мен мұғалімдер компьютерлік техникамен қамтылғанын атап өтті.
«Біздің аймақ елімізде мектептердегі компьютерлік базасы үлкен облыс болып саналады. Өңірімізде 21 мыңнан астам компьютер бар. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде 12 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ екенін анықтадық. Бірнеше баласы білім алатын отбасылар да бар. Оған қоса, 40 мыңнан астам мұғалімнің ішінде 140 ұстазда компьютер жоқ болып шықты. Соны ескеріп, компьютерлер таратып бердік. Қазір облыстық және республикалық бюджеттен компьютерлер сатып алу жүргізілуде», - деді ол.

Сондай-ақ Д.Болатханұлы атап өткендей, республикалық бюджеттен алынған 1670 жаңа компьютердің барлығы оқушыларға таратылған. Алайда, берілген компьютерді пайдаланбай отырған ата-аналар да бар.
«Кейбір ата-аналар жауапкершіліктен қорқып, берілген компьютерлерді пайдаланбай отыр. Сындырып алып, құнын төлеуден қорқады. Ондай ата-аналарға балаларыңыз білім бағдарламасынан қалып қоймас үшін қорықпай, компьютерлерді ашуын сұраймыз», - деді басқарма басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысында 4 мұғалім мен 14 оқушыдан коронавирус анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT