+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма - министр жауабы

2020 жылғы 14 шілде 14:01
Бөлісіңіз:
Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма - министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысының мектептеріне 15 мың компьютер сатып алынбақ Қостанай облысында 265 мектеп қалыпты жағдайда білім береді Асхат Аймағамбетов: Оқу құнын көтермеу үшін ЖОО-ға жағдай жасау керек

«Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қашықтан оқу режиміне көшкенге дейін жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйелері, технологиялары болмаған.

«Сондықтан олар қазіргі уақытта арнайы шығынданып, арнайы жүйелерді сатып алып жатыр. Интернет күшін кеңейтуде. Біз берген тапсырмаға сәйкес барлық жоғары оқу орындары қосымша шығындарға ұшырап жатыр. Бұл министрлік емес, әр университет өзі шешетін мәселе», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT