Онлайн-казино ашқан алматылық 2,5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ойын бизнесінің көрігін заңсыз қыздырған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті бір ғимаратты жалға алып, ішінде 43 дербес компьютер орнатқан.

Осылайша ол арнайы бағдарлама арқылы онлайн казино алаңын ұйымдастырған.

2019 жылдың қыркүйегінде Экономикалық тексеру департаментінің қызметкерлері бұл мекеменің жұмысы заңға қайшы екенін анықтады. Олар тінту барысында бұл ғимараттан 43 дербес компьютерді, 18 740 теңге көлеміндегі қаржыны тәркілеген.

Сотталушы айыбын мойындады.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлімімен айыпты деп танылып, оған 1000 АЕК көлемінде, яғни 2 525 000 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар