Онлайн-қабылдау: Атырау облысының әкіміне қандай сұрақтар қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес, онлайн-кездесу барысында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойылған.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді Атырау қаласының, сондай-ақ аудандардың әкімдеріне, тиісті басқармалардың басшыларына жүктеді. Әкімдерге бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелердің толық шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Біздің басты мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Кез келген тұрғынды толғандыратын барлық мәселе бақылауымызда болады», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Бұдан бұрын Атырауда халықты жұмыспен қамту бағдарламасы ойдағыдай жүзеге аспай отырғанын, сондай-ақ, 3 мыңнан астам әлеуметтік нысан құжаттандырылғанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар