+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Онлайн-байқау: Қазақы терминдерді халық жасайды

2020 жылғы 28 наурыз 23:49
Бөлісіңіз:
Онлайн-байқау: Қазақы терминдерді халық жасайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 1-18 сәуір аралығында онлайн-режимде «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.

«Байқаудың мақсаты – ұлттық терминжасамның өзекті мәселесін тиімді жолмен шешу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау және қолдау», - делінген баспасөз хабарламасында.

Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру парағын» 1-5 сәуір аралығында termincom2020@gmail.com электронды адресіне жолдайды. Сондай-ақ байқауға қатысушылар «Теrmincом.kz» сайтындағы электронды алаңға тіркеліп, 5-10 терминге балама ұсынуы шарт.

Екінші кезең 7-12 сәуір аралығында өтеді. Мұнда бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына тұрмыста жиі қолданылатын 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылады. Тапсырма https://termincom.kz/alan 7 сәуір күні жарияланады. Бұл ретте бағалау көпшілік дауысы арқылы және қазылар алқасының пікірімен шешіледі.

Үшінші кезең 13-18 сәуір аралығында өтеді. Соңғы айналымға екінші кезеңнен іріктелген азаматтар қатысады. Олар белгіленген уақыт аралығында мәтін ішіндегі салалық терминдердің қазақы баламасын жасауы тиіс.

«Байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Байқау қорытындысы 20 сәуірде https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес электрондық үлгідегі диплом, алғысхатпен марапатталады», - делінген хабарламада.


Фото: egemen.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT