Онколог мамандар скринингтік тексеруден қаншалықты жиі өту керектігін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында онкогинекологиялық ауруларды бірінші кезеңінде анықтауға арналған ашық есік күндері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу онкүндігіне арналған.

Әйелдер онколог мамандардың тегін қабылдауында болып, қажетті диагностикалық тексеруден өтті.

«Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігі сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр. Жылына 1700 әйел жатыр мойны дертіне шалынса, 600 әйел сол дерттен көз жұмады екен. Көбінесе 40-44 жастағы келіншектер шалдығады», - деді институт директоры Диляра Қайдарова.



Қазақстанда 2008 жылдан бастап жатыр мойны қатерлі ісігін анықтайтын Ұлттық скринингтік бағдарлама жұмыс істеп тұр.



30-70 жастағы әр әйел 4 жылда бір жатыр мойнынан ПАП-тест түрінде скринингтен өтуі тиіс. Тексеру тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада тегін жасалады.

Соңғы жаңалықтар