Өңірлік телеарнаның танымалдылығын қалай арттыруға болады - тележүргізуші Ақышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан Astana Media Weeк  форумында танымал тележүргізуші Серік Ақышев өңірлерде телеарналардың танымалдылығын қалай арттыруға болатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары жайында айтар болсақ, қала үшін сол күнгі бір жаңалық қана барынша маңызды болады. Жаңалықтар топтамасы 15-20 минут жүргенімен жан-жақты болып келеді. Астанада, Алматыда, Қазақстанда, әлемде не болып жатқанын айтудың қажеті жоқ. Нақты бір оқиға төңірегінде айтыңыздар және нақты сол оқиғаның мән-жайын сіздер ғана тергейсіздер. Америкалық өңірлік немесе қалалық телеарна дәл солай жасайды», - деді ол.

Оның пайымынша,  жергілік телеарнаның үлкен бюджетінің болмауы және ауқымының тарлығы түзелмейтін кемшілік емес. Керісінше, мұндай жағдай қосымша мүмкіншіліктер береді.

«Республикалық телеарналармен ақпарат алмасуға, тілшілер қосынын құруға қорықпаңыздар. Кез келген телеарнаның  кез келген директоры сізді әңгімелесу үшін зор ризашылықпен қабылдайды. Шағын дегеніміз нашар немесе кедей дегенді білдірмейді. Қайта шағындар ұтқыр әрі ширақ болады. Үлкен корольдікте соңғы рөлде болғаннан гөрі өзіңнің княздығыңда король болған жақсы. Сондықтан өз үйлеріңізде король болыңыздар», - деді Серік Ақышев.

Соңғы жаңалықтар