USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Өңірлік саясатты жүзеге асыру үшін аса перспективалы қалаларды айқындау қажет - Қ. Келімбетов

2009 жылғы 10 қазан 16:00
Бөлісіңіз:
Өңірлік саясатты жүзеге асыру үшін аса перспективалы қалаларды айқындау қажет - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өңірлік саясатты жүзеге асыру үшін негізгі күштер шоғырланатын аса перспективалы қалаларды айқындау қажет. Бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізді индустрияландыру саясаты, ең алдымен өңірлік саясатпен тығыз байланысты. Мәселен, экономикалық саясатта мемлекеттің рөлін арттыру үшін алдымен тиімді өңірлік саясатты жүзеге асыру қажет. Бұндай саясат еліміздің ауқымды аумағы мен халықтың орналасу алшақтықтары ескеріліп, үлкен әлеуеті бар әрі экономикалық белсенді қалаларды дамытуға бағытталуы шарт. Жалпы алғанда, экономикалық қызметтегі аумақтық шоғырландыру жақын маңдағы өңірлер үшін тың серпінді қамтамасыз ететін болады. Сондықтан да, ағымдағы қаржылық дағдарысты қалалардың нақты дамуы үшін тең негізде даму саясатын қайта қалыптастыратын мүмкіндік ретінде қарастыруға да болады», деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, бұндай саясатты ұстану белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуге жәрдемдеседі. Сонымен бірге, халықаралық тәжірибелерде де ондай қадамдар сәтті жүргізілген. Мәселен, Қ. Келімбетовтің айтуынша, Қазақстанмен демографиялық және географиялық белгілері бойынша ұқсас Австралия мен Канада мемлекеттерінде мұндай тәжірибе оң нәтиже берген. «Жалпы, өңірлік саясатты жүзеге асыру мақсатында негізгі күштерді шоғырландыратын перспективалы қалаларды анықтау қажет. Әрине, бұл ең алдымен біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астанаға да байланысты», деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT