Өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіретін кеңестер құрылады – заң жобасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында өңірлік көркемдік кеңестер құрылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы «Мәдениет туралы» Заңға енгізілген нормаларға сәйкес Министрлік жанындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында мәдениет саласындағы қызметтің барлық бағыттары бойынша республикалық көркемдік кеңестер жұмыс істейтіндігі өздеріңізге белгілі. Көркемдік кеңестердің жұмысы өз жемісін беруде, театрлардың репертуары жақсарып, киножобалардың сапасы артты, әдебиет пен өнер шығармаларының да деңгейі артып отыр. Тұрақты негізде саланың даулы мәселелері талқылауға шығарылып, өз шешімін табуда», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар ол республикалық көркемдік кеңес аясында барлық салалардың көптеген проблемалық мәселелерін қамтудың мүмкін еместігін тәжірибе көрсетіп отырғандығын жасырмады.

«Осыған орай, заң жобасының негізгі міндеті өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу іспетті өңірлік көркемдік кеңестер құруды көздеп отыр», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Соңғы жаңалықтар