Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы тағайындалды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша бүгін облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова кезекті жұмыс мəжілісі барысында ұжымға жаңа басшы Абай Бекбаевты таныстырды.
Абай Бекбаев 2005 жылы Л.Гумилеев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Əлеуметтанушы» мамандығы бойынша тəмəмдаған. Кейін оқуын Шығыс Азия университетінің саясат мектебінде жалғастырып, əлеуметтану магистрі академиялық дәрежесін алды. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясының иегері.
Кейінгі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясында түрлі қызметтерде істеді. 
null 

Соңғы жаңалықтар