Өңірлік электр желілері компанияларының шығындарын есептеу барысында салыстырмалы талдау енгізілуі тиіс - Н. Алдабергенов

None
None
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Өңірлік электр желілері компанияларының тиімділігін бағалау үшін олардың тарифтерін бекіту барысында салыстырмалы талдау әдісін енгізу қажет.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұндай салыстырмалы талдау әдістері әлемдік тәжірибеде бар. Мәселен, Австралия, Белгия, Дания мен АҚШ-та осындай әдістер кеңінен қолданылады. Ал салыстырмалы түрде алатын болсақ, Қазақстанда бұл саладағы компаниялардың саны да әжептәуір және олардың дайын тұрған мәліметтер базасы да баршылық. Сондықтан да, осы мәліметтер базасына қарап-ақ олардың пайдалану қызметтеріне қатысты шығындарына салыстырмалы сараптама жүргізуге болады», деді Агенттік төрағасы.

Сонымен бірге, заң жобасында нарықтағы субъектілерді мемлекеттік реттеудің тиімді шаралары қамтылғанына тоқталған Н. Алдабергенов, бұл бағытта нарықта монополия жағдайын иемденген доминанттар үшін уәкілетті органдарға қосымша құқықтар берілуі тиістігін атап өтті. «Бұндай құқықты жүзеге асыру доминанттарға қатысты икемді бағалық реттеуді қамтамасыз ететіні айқын. Осы ретте уәкілетті орган бекіткен шек аясында доминанттар бағаны өзгерту мүмкіндігін де иеленеді», деді Н. Алдабергенов.

Соңғы жаңалықтар