Өңірлік даму карталарына кадрлармен және ресурстармен қамтамасыз етілген жобалар енуі тиіс - Т.Құлыбаев

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын 2010-2014 жылдар аралығында іске асыру тәжірибесі табысты болды, жаңа кәсіпорындар құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылды, деп мәлімдеді Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен жақында өткен кездесуде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы (ҚР ҰКП) Тимур Құлыбаев.

«Үкімет әкімдіктерге Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп өңірлік даму карталарын құруды тапсырды. Бұл мақсаттар үшін даму институттары арқылы қаражат бөлінеді. Жамбыл облысының Өңірлік даму картасына кадрлар және ресурстармен қамтамасыз етілген лайықты жобалардың енуі - біздің міндетіміз», - деді Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Т.Құлыбаев.

Оның айтуынша, Аймақтық даму картасына жаңа жобаларды енгізу, кеңейтуді алдын ала қарастыру, өндірісті жаңғырту керек.

«Мемлекет дамыту институттары арқылы сіздерге жаңа жобалар үшін қаржылық қолдау көрсетеді. Әкімдіктер инфрақұрылым, рұқсат ету құжаттамасымен толық қолдау көрсетеді. Бұл бағытта одан да белсендірек жұмыс істейік», - деп үндеді Т.Құлыбаев.

Ол қазақстандық бизнесті түрлі бағдарламалар бойынша даму институттары арқылы қолдау үшін Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлінгенін атап өтті. Енді жергілікті атқарушы органдар мен аймақтық кәсіпкерлер палатасының алдында кадрлар және ресурстармен қамтамасыз етілген лайықты жобаларды қолдауға жұмсалған қаражаттарға бақылау жасау міндеті тұр, деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар