Өңірлерге үздік педагогтарды тарту – жоспарланған 2 мың мұғалімнің 56-сы ғана өткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасының талаптары қайта қаралады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, білім сапасын бағалауда басты назар ішкі және сыртқы бағалау құралдарына бағытталады.

Мектепке дейінгіден ТжКБ-ға дейінгі барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық шеңберін әзірлеу жоспарланған.

«Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасын іске асыруға назар аударғым келеді. Бағдарламаны бағалау критерийлері бойынша жоспарланған 1954 педагогтың 56-сы өтті (Атырау облысы – 9, Маңғыстау облысы – 9, Түркістан облысы - 13, Алматы облысы – 25). Сондықтан бағдарламаға қатысатын мұғалімдерге қойылатын талаптарды қайта қарау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл мәселе педагогтар мен сарапшылар қауымдастығын тарта отырып талқыланады», - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білімін НЗМ-да растау туралы сұраққа жауап берген еді.


Соңғы жаңалықтар