Өңірлерді жобалау-сметалық принциппен қаржыландырудан бас тарту жоспарлануда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында өңірлерге бюджет бөлу кезіндегі әділетсіздіктерді қалай жоятынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті бюджеттерді жоспарлауда өңірлерді дамыту жоспарларының рөлін күшейту көзделеді. Қазіргі таңда өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар жобалау-сметалық құжаттамасы бар өтінімдер негізінде қаржыландырылады. Яғни, инфрақұрылым тиісті құжаттармен өтінімдер дайын болған жерде қаржыландырылады. Осыған байланысты жобалық қаржыландырудан бас тарту жəне қамтамасыз ету деңгейіне қаржыландыруға көшу есебінен бюджетаралық қатынастар жүйесінде оңтайлы қайта бөлу процестерін құру қажет. Халықтың базалық игіліктер мен қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтерді (желілерді) белгілеу және бюджетті жоспарлау мен орындау кезінде оларды заңнамалық бекіту пысықталуда

, - делінген жауапта.

Оның айтуынша, өңірдің базалық инфрақұрылымын жоспарлау функциясын жергілікті әкімдіктерге беру жоспарланып отыр.

Тиісті есептеулер салалық министрліктер мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп әзірлейтін салалық әдістемелерге негізделеді. Қазіргі таңда ҰЭМ салалық министрліктермен бірлесіп, əлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік жəне өзге де инфрақұрылымдағы базалық нормативтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, бюджет қаражатын қалыптастыруды жəне пайдалануды нормативтік қамтамасыз етуге талдау жəне тексеру жүргізуде. Мұндай тəсіл өңірлер арасындағы базалық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етудегі бар теңгерімсіздіктерді теңестіруге мүмкіндік береді деп жоспарлануда

, - деп жазады министр.


Соңғы жаңалықтар