04.01.2023 22:14 Республикалық маңызы бар тасжолдардың әлі 29 бөлігі жабық АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы жолдардың ахуалына қатысты мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.06.2022 22:36 Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиген сарбазға орден табысталды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Қаңтар оқиғасы кезінде Шығыс Қазақстан облысында аяғына оқ тиген сарбазға орден табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.05.2022 13:25 Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ – Антикор НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде экс премьер-министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2022 11:15 Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ арсеналы табылды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақтарды іздеп-табу жұмыстарын күн сайын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2022 21:31 Қаңтар оқиғасы: Алматыда 5 млн теңгенің ыдыс-аяғын ұрлаған күдікті ұсталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ыдыс-аяқ дүкенін тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2022 01:09 Ералы Тоғжанов «қаңтар оқиғасында» өртелген «Qazaqstan» арнасының ғимаратына барды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
10.03.2022 13:14 Қаңтар оқиғасы: Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлердің барлық өтініші қаралды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда зардап шеккен бизнес субъектілерінен 1355 өтініш түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.03.2022 14:21 Асхат Оралов Алматыда зардап шеккен бизнес өкілдерімен кездесті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Алматыға жұмыс сапарының екінші күні қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ партияның жастар қанатының белсенділерімен алдағы жұмыс басымдықтарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.03.2022 21:10 Қаңтар оқиғасы: Алматыда дүкеннен ұрланған қарулар табылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.03.2022 17:20 ҚР ІІМ жаппай тәртіпсіздікте ұрланған қару-жарақты кері тапсыруды сұрады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздеу және тәркілеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.03.2022 17:03 Қаңтар оқиғасында дүкендер мен банкомат тонағандар ұсталды – ҚР ІІМ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер органдары жыл басындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрлық пен тонау жасағандарды анықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.03.2022 16:41 Қаңтар оқиғасы: Ішкі істер органдары 3 мыңға жуық істі тергеп жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер органдарының тергеушілері қаңтар оқиғасына қатысты 2997 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.03.2022 15:30 Қаңтар оқиғалары: Қару-жарақты өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтағандар оларды ерікті түрде тапсырса және әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкерішіліктен босатылады. Бұл туралы қаңтар оқиғасына қатысты баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.03.2022 15:09 Қаңтар оқиғаларына қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 62 адам сотталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде болған қылмыстарды тергеу барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.02.2022 02:08 Қаңтар оқиғасы: Таразда баласымен бірге тұтанғыш қоспалар таратқан күдікті ұсталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «қаңтар оқиғасы» кезінде тұтанатын қоспасы бар бөтелкелерді таратты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2022 22:54 Қызметімді жалғастырғым келеді: Қаңтар оқиғасынан кейін бүйрегі істен шыққан полицей АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар айының басында Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полицейлер мен әскери қызметшілер қаза болды, ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.02.2022 20:02 Қаңтар оқиғасы: қару-жарақ дүкенінің күзетшісі мылтықтар ұрлап кеткен АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде қару-жарақ дүкенінен қару ұрлаған кәсіпорын күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2022 16:26 Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.02.2022 20:31 Қаңтардағы тәртіпсіздік: ҚР ІІМ 10,5 мың адамнан жауап алды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысты 10,5 мың адамнан куәгерлер мен жәбірленушілер ретінде жауап алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2022 19:46 Бас прокуратура: Бүлікшілер өтіп бара жатқан адамдарды өздеріне қосылуға мәжбүрлеген НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүлікшілер бейбіт тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдарды өздеріне қосылуға мәжбүрлеген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.