Өңірлердегі құзырлы органдар үшін мемлекеттік сатып алу рәсімі оңтайландырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлердегі жергілікті органдар үшін жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдейді. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, енді жергілікті жердегі құзырлы органдар бір көзден сомасы 2 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын қажеттілікті сатып алуына рұқсат беріледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасын әзірледі. Ол елдегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізі болуға тиіс. Сондай-ақ, заң жобасында бюджеттің IV деңгейі үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату нормалары көзделген. Қаржы министрлігіндегі әріптестеріміз бұл мәселені заңға тәуелді актілер деңгейінде реттеуді және ауыл бюджеті үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жекелеген қағидаларын әзірлеуді ұсынады. Оған сай, мемлекеттік сатып алудың келесі түрлері қарастырылады: бір көзден - 2 000 АЕК (6,9 млн теңге) дейінгі сатып алуларды жүзеге асыру, ал 2 000 АЕК-тен асқан жағдайда конкурстық тәртіппен өтеді. Жалпы баға ұсыныстарын сұрату 8 000 АЕК-ке (27,6 млн теңге) дейінгі сомманы қамтуы тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды өткізудің өзге де тәсілдерін әкім аппаратының қарауына сақтау ұсынылады», - деді Бауыржан Омарбеков.


Соңғы жаңалықтар