Өңірлерде жылыту маусымына дайындық барысы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов еліміз аумағында жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы органдар 10 623 дербес қазандықты жөндеуді жоспарлаған, оның ішінде 10 606 қазандық немесе 99,8 пайызы дайындалды. Жылу желілерін дайындауға қатысты жоспарланған 4 990 шақырым жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 шақырымы немесе 99,1% жөнделді. Жылу желілерін жөндеу бойынша төменгі дайындық Нұр-Сұлтан қаласында – 73,6%, Маңғыстау облысында – 91,7%, Атырау облысында – 96,8%.

«Сумен жабдықтау желілерін дайындауға тоқталсақ, 15 116 шақырым сумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 14 918 шақырым немесе 98,7% жөнделді», - деді Атамқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, білім беру нысандарын дайындау бойынша ағымдағы кезеңге 10 967 білім беру нысаны дайындалды немесе жоспардың 99,6 пайызы орындалды.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау нысандарын дайындауға қатысты 5 936 нысанды дайындау жоспарланған, соның ішінде 5 921 нысан немесе 99,7 % дайындалды.

«46 809 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 45 908 тұрғын үй немесе 98,1 % дайындалды. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша Батыс Қазақстан облысында (84,5%), Түркістан облысында (94,9 %), Шымкент қаласында (90,7%) жұмыс қарқыны төмен», - деп нақтылады министр.



Соңғы жаңалықтар