+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Өңірлерде спорт секцияларының саны артады- Серік Жарасбаев

2020 жылғы 25 қараша 17:30
Бөлісіңіз:
Өңірлерде спорт секцияларының саны артады- Серік Жарасбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев балаларға арналған спорт секциялары жеткіліксіз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік алдына үлкен мақсат жүктелді. Биылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында бұқаралық жасөспірімдер спортын дамытуға екпін қойылып отыр. Жолдауда кәсіби клубтар жайында айтылған еді. Қазіргі уақытта Үкімет, Мәдениет және спорт министрлігі бүкіл жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағыт бойынша жұмыс жасауда. Талдау мәліметтеріне сүйенсек, 98 кәсіби спорттық ойын клубы бар. Олардың 99 пайызы жергілікті атқарушы орган бюджеті қаржысын алып отыр. Мемлекеттік органдармен, ойын спорт түрлері федерацияларымен бірлесіп осы тапсырманы жылдың аяғына дейін орындау үшін нақты жолдарын атқарудамыз», - деді С. Жарасбаев деді Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол қаржыны бұқаралық спортқа, балалар мен жасөспірімдер спортына, тегін спорт секцияларын ашуға жұмсалатынын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдар статискасын зерттеп шықтық. Қазір кезде 120 мыңнан астам секция бар. Бірақ олар балалар үшін жеткіліксіз деп айтуға болады. Сондықтан осы тапсырманы орындау үшін біраздан бері іске асырылып келе жатқан жобалар қамтылды. Білім министрлігімен, тіркелген федерациялармен бірлесіп бұл бағыттағы шараларды атқарып жатырмыз», - деді комитет өкілі.

Айта кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы бұқаралық спортқа байланысты бірқатар атқарылатын жұмыс легін пысықтап, қазіргі жағдайда кəсіби спорт клубтарын мемлекет тарапынан қаржыландырудың қажеті жоғын ашып көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT