Өңірлерде оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталғанмен, әлі де компьютерлік техникаларды жеткізумен айналысудамыз. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари білім басқармаларының басшыларымен «Жергілікті әкімдіктердің компьютерлік техниканы сатып алу мәселелеріне қатысты» тақырыбында жиналыс өткізді.

«Министрліктің өзі компьютерлік техниканы сатып алуға қатыспайды. Оны жергілікті әкімдік өзі сатып алады, ол үшін барлық жағдайды жасадық. Министрлік тамыз айында компьютер сатып алу байқауы ашық түрде өтуі керектігі және арнайы комиссия құру туралы хат жіберген болатын. Ең басты мәселе – техниканың сапасы және жеткізілу мерзімі. Жүргізілген мониторинг бойынша, кейбір аймаққа сапасыз техника жеткізілгені туралы немесе белгіленген мерзімде жеткізілмегені туралы ақпарат бар. Сондықтан бұл мәселеге қатысты аймақтардың жауабын тыңдамақпын», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Алматы облысына жеткізілген техниканың 50-і жарамсыз болып шыққан және олар іске жарамды техникамен ауыстырылған. 5-7 күн ішінде аталған техникалар мектептерге жеткізіледі. Ал Ақтөбе облысына жеткізілген техникалардың ішінде 15 компьютерде ақау болған және ол бірден ауыстырылған.

Оның айтуынша, әр компьютер берілген баланың атына тіркелуі қажет.

«Әкімдік алдымен компьютерлерді тексеріп алып, одан кейін ғана оқушыларға беруі керек. Олардың қызмет көрсетуге жарамды мерзімі 1 жыл болуы қажет. Үкіметтің қолдауымен 4 отандық компания компьютерлік техника жеткізумен айналысады. Үкіметтің қолдауымен олар үлкен көлемде тапсырыс орындайды. Отандық компания болғанына қарамастан, оларға қойылатын талап та жоғары болуы керек, олардан сапа талап ету керек. Жарамсыз текхникаларды алған соң орнына басқа техниканы жылдам беруі керек. Оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталғанмен, әлі де техникаларды жеткізумен айналысудамыз. Осыған қатысты көп сұрақ туындайды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар