Өңірлерде коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күнделікті мониторингке сәйкес, осы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өңірлер шегінде республикадағы инфекциялық және реанимациялық төсек-орын жүктемесі 35 пайызды құрайды. Толықтай алғанда елде 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 56 пайыздан, реанимациялық төсек-орын - 45 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек орындарды қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылды. Жалпы төсек-орын қоры 12 211 төсек-орынға қысқарды», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар