+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өңірлерде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді

2020 жылғы 27 мамыр 11:11
Бөлісіңіз:
Өңірлерде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды

«Халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді. Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңірлерде 3,8-ден 17,5% шегінде төмендетті.

«Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді. Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT