Өңірлерде «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатылатын баспана жетіспейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлерде "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатылатын баспана жетіспейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"7-20-25" бағдарламасын жандандыру үшін мынадай мәселелерді шешу қажет. Бірінші, қазіргі уақыттағы шектеудің бірі бастапқы баспананың ең алдымен өңірлерде жетіспеушілігі болып отыр. Осыған байланысты бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалы өңірлерінде қамтамасыз ету маңызды", - деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ол үшін тұрғын үйге сұранысты демографиялық өсімге және халықтың көші-қонына байланысты ескеру керек.

"Алдын ала бағалауға сәйкес азаматтардың бағдарлама бойынша 2019 жылы баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады", - деді Данияр Ақышев.

Соңғы жаңалықтар