Өңірлерде 10 мыңға жуық кредиттік пәтер салынып жатыр
2022 жылғы 5 шілде 10:40

Өңірлерде 10 мыңға жуық кредиттік пәтер салынып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл салынуға тиіс 138 мың тұрғын үйдің 47 мыңы - жеке тұрғын үй. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл республика бойынша 15,1 млн шаршы метр немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның ішінде, көп қабатты үйлерде 90 мыңнан астам пәтер және 47 мың жеке тұрғын үй. Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты шеңберінде 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ, ол «Отбасы банк» арқылы өңірлерде кезекте тұрғандарға арнап 9,8 мың кредиттік пәтер салынып жатқанын атап өтті.

«Бұдан басқа, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген қарыз түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен 5 мыңнан астам кезекте тұрған адамды қамтимыз. Жеке тұрғын үй қорынан үйді жалға алғаны үшін 70 мыңға жуық кезекте тұрған адамның жалдау ақысын субсидиялау жоспарда бар»,-деді министр.

Сонымен қатар, Үкімет отырысныда Премьер-Министр арендалық тұрғын үйді сатып алудағы заңнама қайшылығын шешуді тапсырды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT