Өңірлер волонтерлік қызметті қаржыландыруды 4 есе қысқартып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер волонтерлік қызметті қаржыландыруды 4 есе қысқартып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынған «Игі істер» марафоны аясында жыл басынан бері 700-ден астам іс-шара жүзеге асырылып, 160 мыңнан астам мұқтаж азаматқа қолдау көрсетілді. Марафонға еліміздегі танымал 100-ден астам ірі ұйым қосылды»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, волонтерлік қызметті дамытуда ең алдымен мемлекеттік органдардың тұрақты қолдауы аса қажет.

«Алайда, өкінішке қарай биыл өңірлерде қаржыландыру былтырғы жылмен салыстырғанда 4 есе төмендегені байқалады. Былтыр бұл мақсатқа 338,6 млн теңге бөлінсе, биыл тек қана 89 млн теңге қарастырылған», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар