Өңірлер экономика өсімінің төмендеу себептерін жоюы қажет - Тимур Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлер экономика өсімінің төмендеу себептерін жоюы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің айтарлықтай төмендеуі 3 өңірде байқалады. Инвестицияларды тарту бойынша 4,3 есе өсіммен Қызылорда облысы көшбасшы болып отыр. Сондай-ақ, инвестициялардың айтарлықтай өсуі Қарағанды, Ақмола, Түркістан, Қостанай облыстарында байқалады»,- деді министр.

Жалпы, оның айтуынша, 2019 жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген салаларында өсімнің бәсеңси түскені байқалады.

«Бұл ретте, өңдеудің негізгі салаларындағы құлдырау және құрылыстағы төмендеу тұтастай алғанда экономикалық өсімге барынша теріс ықпал етті. Біздің бағалауымызша, осы салалардың жалпы ішкі өнімнің өсуіне теріс салымы 1,1 проценттік тармақты құрайды. Осыған байланысты, салалар мен өңірлер бөлінісінде экономиканың өсуінің төмендеу себептерін түбегейлі зерделеу және оларды жою қажет. Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдер экономикалық белсенділіктің өсуіне қолдау көрсету және ынталандыру бойынша барлық түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс»,- деді Т.Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар