Өңірлер бір-бірімен үйлеспейтін шешімдер қабылдап жатыр - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңірлер бір-бірімен үйлеспейтін шешімдер қабылдап жатыр. Бұл туралы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер түрлі, бір-бірімен үйлеспейтін шешімдер қабылдап жатыр. Әкімшілік шаралар мен шектеулер де бір-бірінен алшақ. Мұның барлығы мәселелерді күрделендіріп, вируспен жалпыхалықтық күреске еш пайдасын тигізбей отыр. Сол себепті індетпен күрес және теріс әлеуметтік-экономикалық салдарды жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министр басшылық ететін Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте ҚР Президенті аталған Мемлекеттік комиссия төсек-орын, медицина қзметкерлері мен көмекші персоналдар, стационарлар мен дәріхана желілеріндегі дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдықтар (оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараты мен компьютерлік томография), лабораториялық зерттеу, жеке қорғаныс құралдары бойынша сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамсыз ету тиістігін баса айтты.

«Мемлекеттік міндет - науқастар саны бойынша ең пессимистік сценарийдің өзінде денсаулық сақтауды ең негізгі ресустармен бір орталықтан қамтамасыз ету», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар