Өңірге танымал ардагер Е.Серікбаевтың 100 жылдығы аталып өтілді - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 5 желтоқсан күні соғыс және еңбек ардагері Ермекқали Серікбаевтың (1914-1998) 100 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, Ермекқали Серікбаев - өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан, ел сыйлаған қайраткерлердің бірі. Оларды ұмытпай, қастерлеп отыру - кейінгі ұрпаққа парыз.

Бұдан кейін Беларусь президентінің атынан өңір басшысы ардагердің ұлы Ержан Серікбаевқа әкесінің «Белоруссияны неміс фашист басқыншыларынан азат еткені үшін» медалін табыс етті.

Жиында соғыс және еңбек ардагері, журналист Бисен Жұмағалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов және басқалар өз естеліктерімен бөлісті. Айта кетейік, Ермекқали Серікбаев 1914 жылы Тайпақ ауданында дүниеге кел¬ген. 1936-1972 жылдар аралығын¬да облыстық білім саласында еңбек етті, содан соң Тайпақ, Шыңғырлау, Теректі, Жымпиты, Қазталов аудандарында жауапты партиялық жұмыстар атқарды. Ұзақ уақыт бойы облыстық атқару комитетінің хатшысы болды. Зейнетке шыққан соң облыстық АХАЖ меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етеді. Оның еңбек өтілі тура жарты ғасырға жуықтайды. Ұлы Отан соғысы жылдары батарея комиссарынан бастап полк¬тің партбюро хатшысы болды. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», Қызыл ту, ІІ дәреже¬лі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен ма¬рапатталған. Балалары әкесінің 100 жылдық мерейтойына орай арнайы кітап та шығарды.

Соңғы жаңалықтар