Өңірдегі шағын кәсіпкерлік нысандары 47,6 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда шағын кәсіпкерлік нысандары 47,6 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріп, қызметін көрсетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірдегі белсенді нысандар саны 25111-ге жетсе, оларда 71 мың адам еңбек етеді. Осы саладағы заңды тұлғалардың басым көпшілігі немесе 78,4 пайызы Орал қаласында орналасса, 10,6 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді. Шаруа қожалықтарының 16 пайызы Ақжайық, 12,7 пайызы Зеленов, 12,1 пайызы Бөкей ордасы, 12 пайызы Қазталов аудандарында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар