Өңірдегі құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысына аттандырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері Шығыс Қазақстан облысына көмек көрсетуге және  су тасқыны салдарымен күресуге аттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қардың күрт  еруі салдарынан болған су тасқыны зардаптарын жоюға, сондай-ақ авариялық-құтқаруды жүргізуге және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау үшін Алматы облыстық ТЖД-ның жеке құрамы  Шығыс Қазақстан облысына аттандырылды. Құтқарушылар 15 мотосорғы, резина қайықтар, сүңгуір киімі мен альпинистік жабдықтар, спутник телефондары, GPS навигаторлар мен трекерлермен жарақтандырылған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мамандарда гидравликалық құрал-жабдықтар, құтқару дөңгелектері мен кеудешелері бар.

Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысына Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері де жөнелтілді.

Құтқарушы жабдықтардың арасында - моторлы қайықтар, жанармай қоры, моторлы кесетін аралар, су айдайтын мотосорғылар, құтқару кеудешелері, сүңгуір жабдықтары, азық-түлік қоры, радио-спутник байланыс құралдары мен құтқарушылардың автономды жатын орындары бар.



Білікті құтқарушылар межеленген жерге жол таңдамайтын техникамен аттанды. 

Соңғы дерек бойынша Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое кентіндегі 176 үйге арнасынан асқан өзен суы кіріп кеткен. 

Соңғы жаңалықтар