Өңірдегі кадр тапшылығын 5-6 жылда жоямыз - Нұрлан Ноғаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі кадр жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кадр тапшылығы туралы айтар болсақ, қазіргі таңда облысқа 150 маман жетіспейді. Жетіспей жатқан кадрлардың ішінде орыс тіліндегі бастауыш сынып мұғалімдері және математика, биология пәндерін орыс тілінде беретін ұстаздарды атап өтуге болады. Кадр мәселесін шешу мақсатында 2017 жылы облыстық бюджеттен 222 студентке грант бөлген болатынбыз. Соның 176-сы - мұғалім мамандығы бойынша бөлінген грант болса, 35-і - медицина, 8-і - ауыл шаруашылығы саласындағы оқу орындарына бағытталған», - деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысының айтуынша, биыл Атырау облысы бакалавриатқа 231, магистратураға 16 грант бөлген.null 

«Магистратураға қарастырылған гранттар экономика, менеджмент және экология мамандықтары бойынша бөлінді. 231 гранттың ішінде 149-ы педагогика мамандықтарына бөлінген. Егер осы қарқынмен жүре беретін болсақ, 5-6 жылдың ішінде біз маман тапшылығын жоямыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы туралы да айтып өтті. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, денсаулық сақтау саласында өңірде 92 маманның жетіспейтіні анықталған.

«Денсаулық сақтау саласына былтыр 35, биыл 53 грант бөлініп, соның арқасында Астана және Қарағанды медицина университеттеріне студенттер жолданды. Ол мамандар оқу бітіргеннен кейін міндетті түрде ауылға келіп, өздерінің туған жерінде жұмыс істеуі керек», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар