+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өңірдегі барлық мектепте бейнебақылау мен дабыл жүйесі орнатылады – Даниал Ахметов

2021 жылғы 22 шілде 11:43
Бөлісіңіз:
Өңірдегі барлық мектепте бейнебақылау мен дабыл жүйесі орнатылады – Даниал Ахметов

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында аймақты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада вакцинацияланғандар арасында бес iPhone 12 ойнатылады Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықтың жаңа бағытын талқылады Қазақстандық оқушылар химия пәнінен халықаралық олимпиадада төрт медаль ұтып алды

Нақты айтқанда, отырыста агроөнеркәсіп кешені саласындағы жаңа жобалар талқыланды. ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі дамып келеді. Мәселен, майлы дақылдарды егетін алқаптар ұлғаюда. Себебі, фермерлер Семейде және Глубокое ауданының Предгорное ауылында екі ірі май экстракциялық зауыты бар екенін және өнімдерін соларға өткізе алатындарын жақсы біледі. Сондай-ақ, салада жайылымдық жерлерге қатысты проблема бар. Заңнамаға енгізілген кейінгі өзгерістер пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтарып алып, шынайы мұқтаж шаруаларға ұсынуға мүмкіндік бермек. Айта кету керек, көптеген кәсіпкерлер игермейтін жерлерін өз еріктерімен қайтарып жатыр.

Екінші маңызды мәселе – мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету. ШҚО – 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақшаға бару кезегі толығымен жойылған еліміздегі жалғыз аймақ.

Бірақ, Өскемен мен Семейде кішкентай бүлдіршіндерге арналған бөбекжайға әлі де кезек күтіп жүргендер бар.

«Бізге кішкентай бүлдіршіндерді қабылдайтын бөбекжайлардың мәселесімен жақсылап айналысу керек. Алдағы 10 күнде барлық қалалар мен аудандардың әкімдері жоспар дайындап, қажеттілікті зерттейді. Келесі жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жаңа нысандардың құрылысын бастап кетеміз», - деді өңір басшысы.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтқан Даниал Ахметов, «19 тамызға дейін облыстың барлық жалпы білім беретін 647 мектебінде жөндеу жұмыстары аяқталатынын» мәлім етті.

Қазір кабинеттер мен асханаларды жаңғырту жүріп жатыр. Білім беру мекемелерінің бәріне бейнебақылау мен дабыл жүйелері орнатылады.

Бірінші қыркүйекке дейін барлық мектеп қажетті отын қорымен қамтамасыз етіледі.

Облыс әкімі мектептен тыс балаларды дамыту, шығармашылыққа баулу жұмыстарын ұйымдастыру әлі де жеткіліксіз деп есептейді. Өйткені, ШҚО-да бар-жоғы 114 үйірме мен секция бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT