Өңірде жыл басынан бері 638 өрт оқиғасы тіркелді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 638 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден ( 700 ) 8,8 пайызға аз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің аға маманы Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл жыл басынан бері өрттен келген шығын 274 млн. 290 мың теңгені құраса, өткен жылы осы мерзімде 310 млн. 990 мың теңгеге жеткен болатын. Биыл өрттен жеті адам мерт болса, өткен жылы он айда 17 кісі қазаға ұшырады.

Биыл Орал қаласында 230 өрт тіркелсе, Зеленов ауданында - 76, Бөрліде - 59, Теректіде 53 осындай оқиға болды.

Соңғы жаңалықтар