Өңірде жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендер саны 68,3 пайызға көбейіп отыр

None
None
ОРАЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазанның 1-не дейін жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2668 адамды құрады.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 20,9 пайызға аз. Соның ішінде ауылда тұратын жұмыссыздар 1753 адам болса, бұл да 27,4 пайызға қысқарды. Жұмыссыздардың 64,3 пайызы - әйелдер.

Биылғы тоғыз айда өңірде 19775 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірді, бұл өткен жылғыдан 68,3 пайызға көп. Сондай-ақ 2024 адам кәсіби білімін көтеруге жіберілді, бұл көрсеткіш 68,4 пайызға артқан. Жыл басынан бері 6930 адам қоғамдық жұмыстарға (113,2 пайыз) тартылды.

Соңғы жаңалықтар