Өңірде «Жол картасы» бойынша қаралған қаржыға шағын елді мекен орталықтандырылған электр желісіне қосылды

None
None
Л. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Жолап елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба «Жол картасы» бойынша қаралған 38 миллиондай теңгенің арқасында жүзеге асты. Сегіз жылдай жарықсыз отырған, он жеті түтіні бар елді мекенге он шақырым жерден электр желісі тартылып, трансформатор орнатылды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Абай Иманғалиев ауылдық кітапханаға теледидар тарту етіп, алдағы уақытта фельдшерлік пункт салу мәселесі де қарастырылатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар