Өңірде жастар тәжірибесімен 2226 адам қамтылды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасы» аясында жоспарланған 1422-нің орнына 2226 адам жастар тәжірибесімен қамтылды, сөйтіп ол 156,5 пайызға орындалып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан алынған мәліметке сілтеме жасап.

Осы мақсатқа БҚО бойынша 128 млн. теңге қаралса, биыл республикалық бюджеттен 74,64 млн. теңге бөлініп, соның 67,94 миллионы немесе 91 пайызы игерілді. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жөнінде 615 мекеме-ұйыммен келісім-шарт жасалды.

Соңғы жаңалықтар