Өңірде жас мамандарға қолдау көрсетілуде

None
None
ОРАЛ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен - ауылға» жобасына сәйкес жас мамандарға қолдау көрсетілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шыңғырлау ауданының әкімі Марат Тоқжановтың сөзіне қарағанда, ауданда биылғы шілде айынан бастап 33 маманға 2 млн. 994 мың теңге көтермеақы төленген. Жыл аяғына дейін мұндай көмек тағы 51 маманға көрсетілмек. Бұл мақсатқа 4 млн. 627 мың теңге қаралған. Аудан орталығында салынған коммуналдық үйлердің сегізі жас мамандарға берілді. Олардың үшеуі - дәрігер, біреуі - мұғалім, төртеуі - мемлекеттік қызметшілер.

Осындай жұмыстар облыстың барлық ауданында атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар