Өңірде үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға барынша көңіл бөлініп келеді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға барынша көңіл бөлініп келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, биыл үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасына сәйкес облыстық бюджеттен 20 миллиондай теңге бөлінді. Әлеуметтік жобалар байқауына 40 үкіметтік емес ұйым қатысты. 2007 жылы 17 ҮЕҰ бақ сынап, жобалар 7 миллионнан астам теңгеге ғана қаржыландырылған болатын. Үкіметтік емес ұйымдардың экология, салауатты өмір салтын орнықтыру, мәдениет, тарихи мұра сынды қамтитын қызмет ауқымы да кеңейіп отыр. Жалпы, 2008-2010 жылдарға арналған аталмыш бағдарламаға сәйкес жергілікті бюджеттен 60 миллионнан астам теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда өңірде үш жүздей ҮЕҰ тіркелсе, соның жүзі нақты жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар