Өңірде тұрғын үй құрылысына 5,9 млрд. теңге жұмсалды

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда тұрғын үй құрылысына 5,9 млрд. теңге жұмсалды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 29,3 пайызға аз. Жыл басынан бері іске қосылған тұрғын үй көлемі 20,1 пайызға төмендеп, 143,3 мың шаршы метрді құрады. Дегенмен тұрғын үйді пайдалануға беру облыстың жеті ауданында, әсіресе, Қазталов пен Ақжайықта елеулі түрде өсіп отыр. Іске қосылған тұрғын үйдің үштен екісі Орал қаласы, 12,4 пайызы Зеленов, 10,1 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Соңғы жаңалықтар