Өңірде тұрғын үй құрылысына 5,2 млрд. теңге жұмсалды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда тұрғын үй құрылысына 5,2 млрд. теңге жұмсалды, бұл өткен жылғыдан 27,8 пайызға аз,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 16,3 пайызға кеміп, 132,1 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үйді іске қосу Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандары мен Орал қаласынан басқа жерлерде көбейіп отыр. Тұрғын үйдің үштен екісінен астамы Орал қаласы, 12,6 пайызы - Зеленов, 10,5 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Тұрғындар есебінен 88,6 мың шаршы метр үй пайдалануға берілсе, бюджет есебінен 33,7 мың, кәсіпорындар қаржысына 9,3 мың, шетелдік инвестиция есебінен 539 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды.

Соңғы жаңалықтар