Өңірде тұрғын үй құрылысына 3,5 млрд. теңге жұмсалды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда тұрғын үй құрылысына 3,5 млрд. теңге жұмсалды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жыл басынан бері 81849 шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, бұл жөнінен облыстың сегіз ауданында алға басу байқалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің үштен екісі немесе 54059 шаршы метрі Орал қаласының үлесіне тиеді. 55266 шаршы метр үй тұрғындар есебінен салынса, 16937-сі - бюджет, 9107 шаршы метрі - кәсіпорындар, 539-ы шетелдік қаржыға бой көтерді.

Соңғы жаңалықтар